Жаңалықтар

ШҚО-да OSKEMEN LIFE жазғы фестивалі өтеді

Өскеменде 19 маусым күні OSKEMEN LIFE жазғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Фестиваль сағат 14:00-22:00 аралығында Антон Чехов және Максим Горький көшелері, Арбат пен Қасым Қайсенов саябағында өткізіледі. Іс-шара Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жай ғана фестиваль емес – бұл қалада бұрын болмаған ерекше атмосфера мен әсерге толы күн.

Фестивальдың басталуы:

– Чехов пен С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында Oskemen Life аркасы болады.

Самокат жарысы:

– Балалар үшін Горький көшесінде арнайы аймақ болады (старт, финиш және спорттық қызық);

Креаторлар мен қолөнершілер аймағы:

– Жергілікті шеберлер, қолдан жасалған бұйымдар және асфальттағы граффити;

Ойын аймақтары:

– Силомер, турник, кері рөлді велосипед, баспалдақ және дауыс силомері;

Чехов көшесіндегі летниктер:

– Кафелер, гирляндалар, мимдер мен аниматорлар;

Караоке және фотозона:

Чехов көшесінде караоке аймағы болады. Ал Арбат маңында Tik Tok аймағы мен фотозонада контент түсіруге болады;

Арбат:

– Көше әндері, гитаристер, көрермендер және Street Dance Battle;

Қасым Қайсенов саябағы:

– Йога, зумба, арт және шай терапиясы, сурет салу, кітап пен ойыншық алмасу. Отбасыға, демалысқа және жайлы серуенге арналған аймақ.

Басты сахна:

Горький мен Чехов көшелерінің қиылысында сахна болады. DJ-батл, музыка және тапсырыс бойынша тректер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button