Жаңалықтар

Бұқтырмада заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға және жоюға бағытталған «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері құрылыс нысандарын, базарларды және шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметімен айналысуы мүмкін өзге де орындарды тексеріп жатыр.

– Бұқтырма су қоймасының жағалауында тиісті рұқсатсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 13 азаматы анықталды. Шетелдіктер демалушыларға арналған жазғы үйлерді салуға тартылған. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін олар жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына айыппұл салынды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жұмыс беруші де жауапқа тартылды. Оған да заңнамада көзделген айыппұл түріндегі жаза қолданылды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

«Нелегал» іс-шарасы басталғалы бері өңір аумағында шетелден келген 144 азаматтың заңсыз еңбек қызметінің жолы кесілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button