Жаңалықтар

ШҚО-да «ЅТОР Ішімдік» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

12-15 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «STOP Ішімдік» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтіп, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар және алкоголь қолданумен байланысты өзге де құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударады.

– Профилактикалық есепте тұрған адамдармен, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлыққа бейім азаматтармен жұмыс күшейтіледі. Полицейлер тікелей профилактикалық іс-шаралар өткізіп, есепте тұрған тұлғалардың белгіленген шектеулерді сақтауын тексереді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button