Өскеменде орыс тілді мектеп қазақ сыныбын ашып жатыр

10 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тілде оқыту үшін – бір сынып (25 орын), орыс тілінде оқыту үшін – екі сынып ашылады (50 орын).
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау:
– eGov.kz порталында онлайн тапсыру;
– OQU платформасында;
– немесе қағаз жүзінде.
Қажет құжаттардың тізімі:
– ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
– баланың цифрлық фотосуреті 3х4 см (2 дана);
– медициналық №065/у анықтамасы (егу паспорты);
– №052-2/у баланың денсаулық паспорты.
Қағаз жүзінде тапсырушыларға қажет құжаттар:
– ата-анасының жеке куәлігі;
– баланың туу туралы куәлігі.



