Жаңалықтар
️Глубокое ауданында жаңа тау шаңғысына арналған курорт ашылады
Бұл жоба өңірдегі туризм саласындағы негізгі бастамалардың біріне айналады. Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– 2026 жылы Жалпыұлттық жобалар пулына енгізілген басты жобалардың бірі – Горная Ульбинка ауылы маңындағы «The Forest» мейрамханасы маңында тау шаңғысы курортын салу. Жоба аясында заманауи туристік инфрақұрылым құрылады: екі шаңғы трассасы, 41 бөлмелі қонақүй, SPA-орталық, қызмет көрсету және демалыс нысандары салынбақ. Сонымен қатар, 20-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады, – деді Эльдар Тумашинов.
Оның айтуынша, жобаның жүзеге асырылуы аудан экономикасы мен туризмінің дамуына елеулі серпін береді. Жобаның жалпы құны – 30 миллиард теңге.



