БастыЖаңалықтар

Өскемен – Бозанбай жолында апат: жүргізуші қайтыс болды

Жол апаты 9 маусым күні кешкі уақытта болған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Ұлан ауданындағы Баяш Өтепов ауылы маңында Chevrolet Cobalt және Mitsubishi Pajero автокөліктері соғылған.

Апат салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Mitsubishi Pajero жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button