Жаңалықтар

Өскемен ГЭС-і демалушылардың кесірінен қоқысқа толып барады

Өскемен ГЭС акваториясынан маусым сайын шамамен 100 текше метр қоқыс шығарылады

Акваторияны тұрақты тазалап отырса да, Өскемен су қоймасының тұрмыстық қалдықтармен ластану мәселесі өзекті болып қала береді. Демалушылар су қоймасының жағалауына пластик бөтелкелер, пакеттер, қаптамалар және басқа да қалдықтар қалдырып кетеді. Ал қоқыс ағыс арқылы біртіндеп Өскемен ГЭС-нің бөгетіне жиналады.

Жаз маусымында мамандандырылған мердігер ұйым ай сайын орта есеппен 2–3 рет тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жалпы маусым ішінде кемінде 10 рет тазалау ұйымдастырылады. Әр тазалаудан кейін су беті мен жағалау аумағынан жүк көлігі толық тиелетін көлемдегі қоқыс шығарылады. Мамандардың бағалауынша, бір маусымда ГЭС бөгетіне жақын акваториядан шамамен 100 текше метр қалдық шығарылады.

Өскемен ГЭС қызметкерлері іргелес жағалау аумағын жинау бойынша экологиялық акцияларды үнемі өткізеді..

«Ең өкініштісі – жоғарғы бьеф тазартылғаннан кейін бірнеше күн өтпей жатып, қоқыс бөгет маңында қайта пайда болады, –Өскемен ГЭС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас менеджері Ольга Орлова дейді. – Бұл қалдықтардың көп бөлігі су қоймасының жағасынан суға түседі.».

Станцияда қоқыстың гидротехникалық құрылыстарға түсуіне жол бермейтін су өткізбейтін торлар орнатылған.. Алайда бұл мәселені толық шешпейді: акваторияның ластануы су қоймасының сыртқы келбетіне кері әсер етіп, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.

Өскемен ГЭС қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарын Ертіс өзені мен су қоймасына ұқыпты қарауға шақырады: демалғаннан кейін қоқыс қалдырмауға, арнайы қоқыс контейнерлерін пайдалануға және жағалау тазалығын сақтауға үндейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button