БастыЖаңалықтар

Шығыс Қазақстанда балықшылар сайысы өтеді

20 маусымда өңірде жағалаудан спиннингпен балық аулау спорты бойынша ШҚО чемпионаты басталады.

Жарыс Ұлан ауданында, Тайынты өзенінің су қоймасында (Төменгі Тайынты) өтеді.

Чемпионатқа қатысу үшін 17 маусымға дейін 8 (705) 900-43-50 телефон нөмірі (WhatsApp) арқылы өтінім беру қажет. Жарыс командалық есепте жүргізіледі.

Командалық қатысу жарнасы (құрамында 3 балықшы-спортшы бар бір команда үшін) 15 000 теңгені құрайды. Бұл қаражат су қоймасын жалға алуға және жарысты ұйымдастыруға жұмсалады.

Жарыс ережелері, өткізілу тәртібі және қатысушыларды тіркеу шарттары ШҚО Чемпионаты туралы Ережеде көрсетілген. Оны жоғарыда көрсетілген телефон нөмірі арқылы PDF форматында алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button