Жаңалықтар

Дәстүрлі садақ атудан халықаралық турнирде топ жарған шығысқазақстандық садақшы елге оралды

Бүгін шығысқазақстандықтар дәстүрлі садақ атудан XIV халықаралық Fetih Kupası турнирінде Жамбы нысанасы бойынша жүлделі ІІ орын иегері атанған Олжас Дюсуповты әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Олжас Дюсуповты туыстары, достары мен жақындары әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, жеңісімен құттықтады.

Айта кетейік,  3-7 маусым аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен XIV халықаралық Fetih Kupası турнирінде әлемнің 40 елінен келген 327 ер спортшы бақ сынады.

– XIV халықаралық Fetih Kupası турнирінде біздің садақшымыз Жамбы нысанасы бойынша ІІ орын иегері атанды. Бұл – үлкен жетістік. Ер азаматтардың арасында бәсекелестік жоғары болды. Жарысқа 40 елден 327 ер спортшы қатысты. Осы дүбірлі додада екінші орын иелену біз үшін үлкен абырой. Биыл Ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлік мектебінде садақ ату бөлімі ашылды. Сол бөлімнің бес спортшысы Fetih Kupası турниріне қатысты. Бесеуі де жақсы нәтиже көрсетті, – деді дәстүрлі садақ атудан жаттықтырушы Ажар Төлеуқанова.

Ажар Төлеуқанованың айтуынша, Олжас Дюсупов жамбы нысанасы бойынша қарсыластарын 9.5, 8.4 айырмашылығымен жеңді, тек финалдық бәсекеде бір ұпаймен қарсыласына есе жіберді.

– Халықаралық турнирде Жамбы нысанасы бойынша 30 метрден ІІ орын иелендім. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Өте тартысты болды, спортшылардың барлығы мықты. Мен өзім Өскеменде екі ай күнделікті және бір жарым апта Алматыда дайындалдым. Жартылай финалға қазақтың төрт жігіті шықтық. Бұл тарихта болмаған, – дейді Олжас Дюсупов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button