Ақжарда Аман Қалетаевтың 80 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтеді

Ақжарда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-қаламгер, Тарбағатайдың төл перзенті Аман Қалетаевтың 80 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
Осыған орай, 12 маусым күні шығысқазақстандықтар мен қонақтарды Тарбағатай төрінде өтетін руханият пен өнер мерекесіне шақырады.
Бағдарлама бойынша:
Сағат 10:00-де аудандық кітапханада «Қоғам және қаламгер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 14:00-де «Есіңе бір түсермін тірілердің…» атты ақын рухына арналған әдеби-поэтикалық сазды кеш және жазба ақындардың жыр фестивалі ұйымдастырылады.
Сағат 20:00-де Қабанбай саябағындағы бас сахнада – ГАЛА-КОНЦЕРТ өтеді.
Концертте елімізге танымал өнер жұлдыздары:
🎤 «МузАРТ» тобы
🎤 Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева
🎤 Медет Салықов пен Клара Төленбаева
🎤 Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова
🎤 Апош Сарбаз
және басқа да өнер майталмандары өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Ақжар ауылы, Қабанбай саябағы



