Жаңалықтар

ШҚО-да бір күнде 50-ден астам шетел азаматы жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Іс-шараның алғашқы тәулігінде-ақ 50-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Үлкен Нарын ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 8 шетел азаматы анықталды. Тексеру кезінде олардың екеуі бұған дейін де полиция назарына іліккені белгілі болды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған азаматтарға Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар шетелдік жұмысшыларды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне айыппұл төлеуге міндеттелді.

– Уақытша болатын шетел азаматтарының тиісті рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысуына қатаң тыйым салынады. Жұмыс берушілерді қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жауапкершілік танытып, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button