Жаңалықтар

Елімізде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

5 мен 30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

– Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз, – деп хабарлады ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының штабы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button