Жаңалықтар

Өскемендегі бірнеше көшеде бейнеаналитика функциясы бар камералар орнатылған

Өскеменде проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдерін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеуге арналған бейнеаналитика функциясы бар бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдері қаланың келесі төрт учаскесінде орнатылған:

– Өскемен аллеясы (Гематология орталығы маңы);

– Арбат;

– Протазанов көшесіндегі (Облыстық аурухана маңы);

– Оралхан Бөкей көшесі.

– Орнатылған жүйелер арнайы қозғалыс датчиктерімен жабдықталған, олар жаяу жүргіншілер өткелі аймағында адамның  қозғалысын автоматты түрде анықтайды. Жаяу жүргінші жақындаған кезде проекциялық жолақтар іске қосылып, жүргізушілердің назарын өткелге аудару арқылы оның көрінуін арттырады. Сонымен қатар, аталған учаскелерде бейнеаналитика функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылған. Жүйе автоматты режимде жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактілерін анықтайды, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button