Жаңалықтар

ШҚО-да 35 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 9–11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде, 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады, – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы:

– еліміздің батысында +27…+35°С дейін жоғарылайды;

– солтүстігінде +17…+28°С дейін төмендейді;

– солтүстік-шығысында және орталығында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі байқалып, +25…+33°С болады;

– оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27…+35°С шамасында сақталады;

– шығысында +32…+39°С дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, бүгін облыстың шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады.

Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button