БастыЖаңалықтар

Өскемендіктерді «Қазақстан» тауына шығуға шақырады

13 маусым, сенбі күні қала тұрғындары мен қонақтарын «Қазақстан» тауына жаппай шығып, таңды сергек бастауға шақырады.  Іс-шараны «АУЫЛ» партиясы ұйымдастырып отыр. 

Қатысушыларды тіркеу және жиналу таңғы сағат 07:00-де тау етегінде өтеді.

Бағдарлама аясында:

* кәсіби жаттықтырушыдан сергіту жаттығулары;
* таудың шыңына шығу;
* естелік фотосуреттер;
* қала көрінісін тамашалау қарастырылған.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ыңғайлы аяқ киім киіп, көтеріңкі көңіл күймен келуге кеңес береді. Сондай-ақ әрбір қатысушы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button