Жаңалықтар
Өскеменде Жамбыл саябағына апаратын жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Жамбыл саябағына апаратын жолдың Чехов және С. Нұрмағамбетов көшелері жағынан кіреберіс бөлігінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым асфальт-бетон жабынының алғашқы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде.
– Бұған дейін жолдың шұңқырлар мен түрлі зақымдар пайда болған ескі асфальт жабыны алынып тасталды. Жол негізін дайындау мақсатында жол төсемі топырақпен тегістелді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жалпы аумағы 320 шаршы метрді құрайтын жаңартылған жол тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік береді, – деп хабарлады Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.



