Жаңалықтар
Өскеменде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Өскемен қаласында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары күшейтілуде. Қала әкімі Буров көшесін аралау барысында берген ескертулері мен тапсырмаларының орындалуы қамтамасыз етілуде.
– Қазіргі уақытта көшеде ағаштарды санитарлық кесу, жол белгілері мен қоршауларды жуу, аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаладағы санитарлық жағдайды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.



