Жаңалықтар
ШҚО-да «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Шығыс Қазақстан облысында 8-12 маусым аралығында «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шара көші-қон саласындағы бақылауды күшейтуге, заңнаманы бұзушыларды анықтауға, сондай-ақ өңір аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған.
– Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлерінің алдына бірқатар басым міндеттер қойылды: транзиттік ағынды тексеру, шетелдік азаматтар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді, – деп хабарлады ШҚО ПД.



