Жаңалықтар
Өскеменде Марқакөл ауданының жәрмеңкесі өтеді
Өскеменде ертең Марқакөл ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,4 тонна өнім әкелінеді:
– Сиыр еті – 1,8 тонна;
– Жылқы еті – 0,85 тонна;
– Қой еті – 0,55 тонна;
– Сары май – 65 келі;
– Құрт – 60 келі;
– Ірімшік – 30 келі;
– Кілегей – 10 литр.
Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей, нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке «Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.



