Татардың ұлттық мейрамы Сабантой өтеді — Өскемен

Мереке 6 маусым күні ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының Сол жағалау кешеніндегі этноауылда аталып өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Концерттік бағдарламаны Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығы дайындады.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жергілікті тұрғындар «таба» (сковородка) деп атайтын дөңгелек алаңда татардың ұлттық күресі — «татарча корэш» бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
«Татарча корэш» — бұл белбеулі күрестің бір түрі. Мұнда белбеу немесе сүлгі қарсыластың арқасынан өткізіліп, бос ұштары қолдың басына оралады. Әрі қарай осыған ұқсас күрес түрлеріндегідей, қарсыластар тік тұрып белдеседі, ал басты міндет — қарсыласын шалқасынан құлату.
Бағдарламада сонымен қатар кір тасын көтеру және армрестлинг (қол күресі) бойынша да жарыстар бар.
Ал кішкентай қонақтар үшін ағаш түбіртектермен жүру, аяққа ағаш байлап жүру (ходули), күйенте ағашымен жүру және т.б. сияқты татар халқының балалар ойындары ұйымдастырылып, көңілдерін көтереді.
Іс-шараға Қазан қаласынан (Татарстан Республикасы, РФ) арнайы шақырылған қонақтар қатысады.
Басталуы: сағат 11.00-де. Кіру тегін.



