Жаңалықтар

Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні

Бүгін 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

1992 жылы дәл осы күні еліміздің басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілді. 2007 жылдан бастап бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заң аясында еліміздің әр азаматының бойында патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын маңызды мереке ретінде аталып келеді.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button