Жаңалықтар
Өскеменде жәрмеңке өтеді

Өскеменде сенбі күні ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке 6 маусым күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) және «ДосНар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17а) өтеді.
«Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағындағы жәрмеңкеде Марқакөл ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады. Тұрғындар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.



