Жаңалықтар

ШҚО-да екі мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады

Шығыс Қазақстан облысында 2044 адам волонтерлікпен айналысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев мәлімдеді.

– Біздің барлық қалалар мен аудандарда бір фронт-офис және филиалдар бар. Ресми статистика бойынша, Шығыс Қазақстан облысында 2044 адам волонтерлікпен айналысады. Олар эковолонтерлікпен, қарт адамдарға күтім жасаумен, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асырумен айналысады, – деді Айдар Садырбаев.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button