Жаңалықтар

Олжас Бектенов «Казцинк» басшысына өндірісте қауіпсіздікті күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Казцинк» компаниясының бас директоры Жанат Жанботиннің кәсіпорындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөніндегі баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, компания жыл сайын өндірістік қауіпсіздікке 27 млрд теңгеден астам инвестиция салады, бұл соңғы бес жылда өндірістік жарақаттану деңгейін 34%-ға төмендетуге мүмкіндік берген.

«Жақсы баяндап тұрсыз, бірақ мамыр айында болған оқиға сөзіңізді жоққа шығарып отыр. Сондықтан қосымша белсенді шаралар қабылдаңыздар», – деп тапсырды Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 5 мамырында компанияның Өскемендегі мырыш зауытында жарылыс болып, нәтижесінде 3 қызметкер қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала тергеп-тексеруі бойынша мәліметінше, «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуына байланысты болған. Бүгін Өскемендегі нысанда өндірістік орындарындағы процестердің қауіпсіздігіне ерекше бақылау режимі енгізілді. Ауытқулар анықталып, қатаң бақылауға алынған жұмыс орындарына 11 мың тексеру жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button