Жаңалықтар
Қазақстанда қанша бала бар?
Қазақстанда 0–17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, балалардың 62,3% қалалық жерде, ал 37,7% ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі – 51,4%, қыз балалардың үлесі – 48,6%.
Балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген:
Түркістан облысында – 910,4 мың (13,2%)
Алматы қаласында – 688,9 мың (10%)
Алматы облысында – 572,3 мың (8,3%) бала.
Соңғы 5 жылда балалар саны 4,4% артты.



