Зайсанда Қазақстан–Әзербайжан достығы кабинеті ашылды
Бүгін Зайсандағы «Сауыр» орта мектебінде Қазақстан–Әзербайжан достығы кабинеті ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу кабинетіне заманауи жабдықтар, интерактивті материалдар және жаңа жиһаз әкелінді. Жаңа білім беру кеңістігі базасында жергілікті оқушылар мен студенттер үшін гранттық және білім беру бағдарламаларын өткізу жоспарланып отыр.
– Бұл бастама Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел мен Әзербайжанның іскерлік топ өкілдерімен кездесуінен кейін қолдау тапты. Кейін ШҚО әкімдігі мен Buta Group компаниясы арасында жобаны іске асыру жөнінде ынтымақтастық меморандумға қол қойылды, – делінген хабарламада.
Достық кабинетінің салтанатты ашылуына мемлекеттік органдардың, білім беру жүйесінің өкілдері және Әзербайжан тарапынан қатысушылар онлайн форматта қатысты.
Жоба Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға маңызды қадам болып, Шығыс Қазақстан облысының заманауи білім беру ортасын дамытуға үлес қосады.



