Жаңалықтар

Самар ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов кезекті азаматтарды қабылдау өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Аудан әкімінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындардың пікірін тікелей тыңдап, оларды толғандырған мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

– Көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі, инфрақұрылымды дамыту және маршруттық автобус қатынасын іске қосу болды. Тұрғын үй мәселесі бүгінгі күннің өзекті бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі таңда ауданда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 30 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар мамандарға арналған қызметтік көпқабатты үйлер салу жоспарлануда. Жастардың ауданға келіп, осында еңбек етіп, өңірдің дамуына үлес қосуға ниетті болуы қуантады. Аға буын өкілдері балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Әсіресе жаз мезгілінде бұл тақырып ерекше маңызды, себебі балалардың көшеде болу уақыты артады. Халықтың қауіпсіздігі – біздің басты басымдықтарымыздың бірі, сондықтан барлық ұсыныстар құқық қорғау органдарымен бірлесіп қаралатын болады, – деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар кездесу барысында Самар ауылындағы басты көшелерге жасанды жол кедергілерін көбейту туралы ұсыныс айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button