Жаңалықтар

ШҚО-ның 5 оқушысы Ақордаға барады

Балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысында өскелең ұрпаққа арналған қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 30 мамыр күні өңірдің бес оқушысы Ақордаға барып, Астана қаласына экскурсия жасайды.

Ал 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов дарынды оқушылармен кездесу өткізеді. Кездесуге 150 оқушы қатысады. Сонымен қатар, осы күні талантты балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Балаларды қорғау күні Өскемен қаласындағы облыстық филармония ғимаратында үлкен балалар концерті өтеді. Оған 8 бен 16 жас аралығындағы 400 бала қатысып, вокалдық, би және аспаптық нөмірлерін ұсынады. Ең үздік өнер көрсеткен қатысушылар дипломдармен марапатталады.

Білім басқармасының дерегінше, Балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша 100-ден астам мәдени және ойын-сауық іс-шарасы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button