Жаңалықтар

«Шілденің аяғында ұшамыз»: Зайсандағы әуежай құрылысы бітуге шақ қалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданындағы әуежай құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бүгінде нысанда 300-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды.

– Ұшу-қону жолағы, перрон және рулеж жолы толық салынып бітті. Аэродром аумағындағы инженерлік коммуникациялар мен дренаж жүйелері де дайын. Қазір терминал, апаттық-құтқару қызметінің ғимараты және жанар-жағармай қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Шілде айында алғашқы сынақ рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метр, ал аэровокзалдың жалпы аумағы 4000 шаршы метр болады.

Әуежай іске қосылғаннан кейін Қытайдың Үрімші қаласына, Алтай аймағына және Қанас көліне халықаралық рейстер ашу көзделген. Барлық жұмыс сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button