Жаңалықтар
Өскеменде Үлкен Нарын ауданының жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде ертең Үлкен Нарын ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жәрмеңке 30 мамыр күні сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек орталығы аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) өтеді.
– Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады, – делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,8 тонна болатын келесі өнімдер әкелінеді:
Сиыр еті – 1,8 тонна;
Жылқы еті – 0,7 тонна;
Қой еті – 0,3 тонна;
Күнбағыс майы – 0,3 тонна;
Бал – 180 кг;
Картоп – 0,3 тонна;
Әртүрлі тосаптар – 60 кг;
Құрт, ірімшік, талқан – 30 кг.



