Шығыстың теннисшісі беделді халықаралық турнирде жеңіске жетті

Азия және Океания чемпионатына Австралия, Жаңа Зеландия, Корея, Филиппин, Қазақстан және басқа елдердің мықты спортшылары қатысты. 

\»Smash\» Өскемен орталығының тәрбиеленушісі Малика Әмірғалиева қытайлық Ю-Чен Лингпен жұптық сында жасөспірімдер арасында ITF J300 Nonthaburi Closed Regional Championhsips жеңімпазы атанды.

Жеңіс үшін күрес шиеленісті болды: жартылай финалда біздің жерлесіміз Ю-Чен Лингпен жұптасып, австралиялық қарсыластарын жеңді. Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. 

Финалда олар Тайланд пен Жапонияның теннисшілерін жеңді– 6:3, 0:6, 10:5.
Малика бұған дейін Испаниядағы j100 Manacor турнирінде жекелей сында жеңіске жетіп, жұптық финалист атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button