ШҚО-да туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында туристік нысандардың цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірдің туристендіру картасына сәйкес 33 туристік локацияның 24-і дауыс байланысымен және 3G/4G стандарты мобильді интернетімен қамтамасыз етілген, бұл 72,7%-ды құрайды.
Қалған туристік аймақтарды байланыспен қамтамасыз ету мақсатында өңірдің туристік орындарында байланыс қызметтерін дамыту жөніндегі Жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Басым бағыттағы локациялар қатарында:
– Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
– Садыркөл, Қаракөл, Шыбындыкөл, Айыр көлдері
– Дұбығалы көлі
– Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Сонымен қатар, заманауи спутниктік байланыс технологияларын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Атап айтқанда, Дұбығалы су қоймасының жағалауында «Starlink» терминалдарын орнатып, интернет желісіне қоғамдық қолжетімділік нүктелерін ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба пысықталуда.



