Жаңалықтар

Қазақстанда егіс алқаптарының 77%-ы егілді

Өңірлерде көктемгі егіс жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дақылдары 16,3 млн гектар алқапқа егілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 11,2 млн га, майлы дақылдар – 3,6 млн га, мал азықтық дақылдар – 973,2 мың га, мақта – 167,6 мың га, картоп – 116,9 мың га, көкөніс дақылдары – 112 мың га, бақша дақылдары – 81,1 мың га, қант қызылшасы – 22 мың га алқапқа егілді.

– Егіс науқаны еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақмола облысында 4,1 млн га, Қостанай облысында – 3,7 млн га, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,7 млн га жерге егін егілді, – делінген министрліктің хабарламасында.

Егіс науқанына 133,9 мыңнан астам трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу құралы жұмылдырылды. Аграршыларға үздіксіз техникалық қолдауды 70 сервистік орталық қамтамасыз етуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button