Жаңалықтар

Балық аулау: ШҚО-да 340-тан астам құқықбұзушылық анықталды

Ережені сақтамайтындарды анықтау «Уылдырық шашу – 2026» акциясы аясында жүргізіліп жатыр. Акция су айдындарын, балықтардың көбею жағдайларын және олардың көшу жолдарын сақтауға бағытталған.

– Жыл басынан бері 500-ге жуық рейд өткізілді. 340-тан астам құқықбұзушылық анықталып, 704 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 800-ден астам ау құралдары тәркіленді, – деді «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» басшысының орынбасары Фархат Байбазаров.

Оның айтуынша, өңірде бұл бағытта халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уылдырық шашу кезеңінде жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, балық шаруашылығы субъектілерімен, әуесқой балықшылармен және облыстағы жағалауда орналасқан ауыл тұрғындарымен табиғатты қорғау заңнамасын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button