Жаңалықтар
Өскеменде тағы екі жаңа автобус бағыты іске қосылды

Өскеменде №18 және №37 жаңа автобус бағыттары іске қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС мәліметінше, 27 мамырдан бастап №18 автобус «23-ші шағын аудан» – «Ривьера» тұрғын үй кешені бағыты бойынша қатынайды.
№18 автобус Дробышев, Журба, Миллер, Жұмабаев, сондай-ақ «Renesance», №47 мектеп, «Көктем», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» монументі, Қазыбек би даңғылы және басқа да аялдамаларына тоқтайды.

Сонымен қатар 27 мамырдан бастап №37 жаңа автобус бағыты өз жұмысын бастады.
«Жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС мәліметінше, №37 автобус «Рассвет» фабрикасы – «20-шы шағын аудан» бағыты бойынша қатынайды.




