Жаңалықтар

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізген 49 адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 17-25 мамыр аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 2714 фактісін анықтады.

– Жолдағы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін өрескел құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Көлік құралын масаң күйде басқарған 49 жүргізуші ұсталды. Олардың арасында жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан рөлге отырғандар да болды. Ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 403 көлік құралының пайдаланылуына тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 227 көлік құралы, оның ішінде автокөліктер, мотоциклдер, электрлі велосипедтер мен самокаттар да қойылды. Сондай-ақ 176 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Сонымен қатар жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, балаларды тасымалдау қағидаларын бұзу және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілерінің жолы кесілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button