Өскемендіктер Отан қорғаушылар күнін қалай атап өтеді?

Облыс орталығында 7-8 мамыр күндері бірқатар іс-шара өтеді. Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар Сол жағалаудағы әскери кешенде, Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткіші алдында және қала ішіндегі өзге де жерлерде жалғасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

7 мамыр күні:

Мереке 11:00-де Сол жағалаудағы әскери кешенде өтетін мерекелік концертпен басталады. Сағат 12:30-да батырларымызға тағзым ретінде Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ, дәл осы күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі екі нүктеде ұсынылады: Сол жағалаудағы әскери кешенде және Спорт сарайының жанындағы LED экранда.

8 мамыр күні: 

Кешкі сағат 19:00-де Республика алаңында орналасқан Орталық киіз үйде көркем фильмнің ашық көрсетілімі өтеді. 

Ұйымдастырушылар өскемендіктерді ел қорғаны болған батырлардың ерлігін бірге еске алып, тағзым етуге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button