Жаңалықтар

ШҚО-да жасанды түсік жасататын жасөспірімдер көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасында жасанды түсік жасататындардың саны артты. Бұл туралы өңірде өтіп жатқан репродуктивті денсаулық апталығы аясында өткен брифинг барысында мамандар мәлімдеді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы Марат Куксегеновтің айтуынша, соңғы жылдары облыста жасөспірімдер арасындағы жасанды түсік жасату көрсеткіші артып келеді, ал ерте босану саны керісінше азайған.

– Жасөспірімдер арасындағы жасанды түсік жасату саны өсті: егер 2024 жылы 17 жағдай тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 23-ке жетті. Биыл кәмелетке толмағандар арасында әзірге жасанды түсік жасату тіркелген жоқ. Ерте босану саны айтарлықтай төмендеді. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында төрт босану жағдайы тіркелді, – деді Марат Куксегенов.

ШҚО-ның бас дерматовенерологы Елена Решетникованың сөзінше, өңірде жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары болып отыр.

– Бірінші тоқсанда ЖЖБИ-дің 1532 жағдайы анықталды. Биыл жасөспірімдер арасында сифилис ауруы тіркелген жоқ, – деді маман.

Басқа жаңалықтар

Back to top button