ШҚО-да есірткі таратқан екі адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында облысында интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында басқа өңірлерден келген 34 жастағы әйел және 22 жастағы ер адам ұсталды. Олар қылмыстық схемада тыйым салынған заттарды өлшеп-қаптаушы және тасымалдаушы қызметін атқарған.
– Күдіктілер мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заттары салынған орамдар, сондай-ақ оларды өлшеп- қаптауға және буып-түюге арналған құралдар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың қатарында жалпы салмағы шамамен 900 грамм болатын синтетикалық «а-РѴР» есірткісі және 100 грамға жуық мефедрон болған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіге жеткен, – деп хабарлады ШҚО ПД.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.



