Жаңалықтар
Өскеменде ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды
Өскеменде жыл сайынғы гүл отырғызу науқаны басталды. Алдағы бір ай ішінде 19 мың шаршы метр аумаққа 700 мыңнан астам гүл отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Алғашқы кезеңде Әуезов көшесі, Қазақстан көшесі және «ADK» сауда орталығы маңындағы айналма жол абаттандырылады. Қазіргі таңда Арбатта, Республика алаңында және Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші маңында гүл отырғызу жұмыстары аяқталды, – делінген хабарламада.



