Жаңалықтар
Самар ауданында ашық аспан астында ерекше кеш өтеді

6 маусым күні Самар ауданында туристік маусымның ашылуы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
6 маусым күні сағат 17:00-де Сарыбелдің жағалауында түрлі-түсті бояулар шоуы, әуе шары, би, музыка, ашық аспан астындағы көбікті кеш ұйымдастырылады. Кіру тегін.
Кештің хедлайнері – танымал қазақстандық рэп және хип-хоп орындаушысы SAY МО.
– Сіздерді әсерге толы, ұмытылмас жазғы кеш күтіп тұр. Достарыңызды, отбасыңызды ертіп келіп, жаздың алғашқы жарқын мерекесін бірге қарсы алайық!, – делінген хабарламада.



