AINALAIYN коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «E. SERKEBAEV. 100 JYL» және «Жүректен жүрекке» сериясынан «AINALAIYN» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
E. SERKEBAEV. 100 JYL коллекциялық монетасы туралы
Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, монета дизайнында Ермек Серкебаевтың портреттік бейнесі пайдаланылған. Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 7 000 (жеті мың) дана.

AINALAIYN коллекциялық монеталары туралы
Монетада құрақ көрпені еске түсіретін композиция бейнеленген. Монета жиегінің бойымен шеңбер жасап қайталанған «AINALAIYN» сөзі шетінен ортасына қарай ағылған қозғалыс әсерін береді.
– Композицияның ортасында шуақты күн бейнелі ою-өрнекпен көмкерілген «Жүрек» элементі орналасқан. Бұл бейнелер жылулықты, шексіз махаббат пен шынайы қамқорлықты білдіретін қазақтың «Айналайын» сөзінің мағынасын ашуға арналған, – делінген хабарламада.
Монеталар: 925 сынамалы күмістен жасалған. Дайындау барысында түрлі түсті баспа және құбылмалы кемпірқосақ реңкті (интерференциялық) қабат технологиясы қолданылған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.
Күмістен дайындалған монетаның бейнесі

мельхиор (МН 25) қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.
Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар 28 мамырдан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.



