ШҚО-да дабыл қағылады
Шығыс Қазақстан облысында «Өрт-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
28 мамыр күні сағат 11:00-де «Өрт-2026» РКШО шеңберінде құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі және сиреналық құрылғылар іске қосылады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды сабыр сақтауға шақырады.
«Баршаның назарына!» – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
– Сиренаның дыбысын естіген кезде дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек, сондай-ақ ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын және «112» қызметінің ЅМЅ хабарламаларын қадағалауыңыз қажет, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.



