БастыЖаңалықтар
Құрбан айт: «Халифа Алтай» мешіті алдында мереке ұйымдастырылады

Құрбан айт мерекесі айт намазын оқудан басталып, үш күн тойланады.
27 мамыр таңғы сағат 06.00-де барлық мешіттерде айт намазы оқылады. Шариғи тұрғыда айт намазының уақыты — күн найза бойы көтерілген уақыттан бастап, күн төбеге келгенге дейінгі уақыт.
— Айт намазынан кейін құрбан шалу рәсіміне кірісуге болады. Ал айт намазына дейін шалынған құрбандық жай садақа малы болып есептеледі, — дейді ШҚО бас имамы Думан Нәдірұлы.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты мейлінше ұлттық нақышта атап өту туралы бастама көтерген.
— «Халифа Алтай» мешітінің алдына бірнеше киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып, дәстүрлі ән шырқалады, — дейді Думан Нәдірұлы.



