Жаңалықтар

ШҚО мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Өскемен қаласының мектептерінде оқу жылы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 2026 жылы облыс орталығында 52 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 49-ы мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік. Жалпы оқушылар саны – 48 590.

Биыл 9-сыныпты 3911 оқушы аяқтайды. Олардың 401-і ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер.

11-сыныпты 2410 түлек бітіреді. Оның 2126-сы (88%) ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр. Түлектердің басым бөлігі – 2313 оқушы (96%) жоғары оқу орындарына түсуді көздесе, 97-сі колледждерді таңдаған.

Биыл «Алтын белгіге» 242 түлек үміткер болып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп (2025 жылы – 189). Сонымен қатар 277 оқушы үздік аттестат алуды жоспарлауда (2025 жылы – 215).

Мемлекеттік емтихандар дәстүрлі форматта өтеді: 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button