Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамыр айындағы мереке күндерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс тәртібін жариялады.

Кезекші ХҚКО-лар, оның ішінде автоХҚКО-лар 10 мамырда жұмыс істейді. 7 және 9 мамыр — демалыс күндері. Бұл күндері барлық ХҚКО-лар жабық болады.

10 мамыр күні қарапайым ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

АвтоХҚКО-ларда: өтініштерді қабылдау — сағат 12:00-ге дейін, құжаттарды беру — сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Қызмет алушылардан жұмыс кестесін ескеріп, жоспарларын алдын ала құру сұралады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button