Жаңалықтар

«Халық әуені» өнер керуені Ұлан ауданында болды

Кеше Шығыс Қазақстан облысына гастрольдік сапармен келген өнер ұжымы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде «Халық әуені» атты концерт өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Кеш барысында көрермендер қазақтың дәстүрлі күй өнерінің таңдаулы туындыларын тыңдап, ұлттық музыканың терең мазмұнын сезінді. Концертте Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен әлемдік классика орындалды.

Оркестрдің жоғары кәсіби шеберлігі мен ұлттық нақышқа бай репертуары көрерменнің зор қошеметіне ие болды. «Халық әуені» жобасы аудан тұрғындарына рухани әсер сыйлап, ұлттық өнерді насихаттайтын мазмұнды мәдени кешке айналды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button