Жаңалықтар
ШҚО-да шағын және орта бизнестің өңір экономикасына қосқан үлесі артып келеді

Бүгінде облыста 58 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейін және бизнестің тұрақты дамуын көрсетеді.
Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде:
– негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 134 млрд теңгені құрады;
– инвестиция өсімі 21%-ға жетті;
– салық түсімдері 61 млрд теңгеден асты;
– өндіріс көлемі 1887 млрд теңгеге дейін ұлғайды;
– ШОБ саласында 157 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Шағын және орта бизнес ШҚО экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. Ол тұрақты экономикалық өсімді, жаңа жұмыс орындарын және өңірдің дамуын қамтамасыз етуде.



