ШҚО өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етіледі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында өңірдегі орман шаруашылықтары мен табиғат қорғау мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Жиын барысында Ерлан Нысанбаев биыл Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы техникаға қатысты сұраныс бойынша толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.  Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселесін қозғап, бұл бағытта жедел әрекет етудің маңыздылығына тоқталды. 

– Техниканы ұқыпты ұстап, күтіп баптаңыздар. Қазір орман шаруашылықтарына мемлекет бойынша техника жеткізіліп жатыр. Тек техника сатып алуға 60 миллиард теңге бөлінді. Биыл барлық сұраныстар толық қанағаттандырылады. Сіздерден тек жедел қимылдау қажет, – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button