БастыЖаңалықтар

«Шетелдерде полиция көмек керек пе?» деп тоқтатады. Ал бізде…

ШҚО-да туристік маусым басталысымен шетелдік туристер мен шетелдік нөмірлі көліктер ағыны артады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Осы ретте өңірдің туристік имиджіне әсер ететін бірқатар мәселелер де туындап отыр.

Облыстық әкімдік отырысында ШҚО туризм басқармасының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, жол-патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік туристерге дөрекі сөйлеп, шектен тыс тексеріс жасайды.

Осыған байланысты басқарма басшысы өңірде полицияның жеке құрамымен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп санайды. Яғни, жол-пол қызметкерлері туристермен заңды әрі сыпайы қарым-қатынаста болу қажет.

Туризм басқармасы басшысы, мұндай жағдайлар қонақтардың өңір туралы пікіріне тікелей әсер етіп, Шығыс Қазақстанның туристік беделіне кері ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Жөн-жосықсыз тоқтатуға болмайды. Мүмкіндігінше, түсіністікпен қарау керек. Әр турист бізге алтындай қажет. Кейін артынан «Шығысқа барсаңдар, әр көшеде тоқтады, дәм етеді, бірдеңе сұрайды» деген сөздер болады. Шетелдерде қарасаңыздар, тоқтатып, қандай көмек керек деп сұрап, шығарып салады. Қызметкерлер сондай мақсатта жұмыс істесе, туристер де қорықпай келетін болады. Сол жағын ойластырып қараңыздар, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button